KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Семейдегі Ленин көшесінің жайы не болмақ?

9.10.2018, 10:11 130

Семейдегі Ленин көшесін – Мәңгілік ел деп алмастыратын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ленин көшесін – Мәңгілік ел, Полковничий аралын – Бейбітшілік аралы деп алмастыру туралы сөз былтыр қозғалған болатын. Кеше бұл ұсынысты облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері қолдады.


Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісова бұл ұсынысты қала халқы да қолдағандығын айтты.


– Арал – қала халқы мен қонақтарының қыдырып баратын жері. Онда мәдени ескерткіштер бар. Атын өзгерту – заман талабы. Жоғарыда аталған екі нысан идеологиялық тұрғыдан ескірген болып саналады, – деді ол.


Сонымен кеңес мүшелер бұл ұсынысты қолдады. Ендігі кезек республикалық ономостикалық комиссияда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив