KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Семейдегі көшелер: Крупская - Әзілхан Нұршайықов, Строительная - Тұрсынғазы Рахимов

17.07.2018, 11:10 125

Семейде иделологиялық жағынан ескірген көше атаулары қазақшаланатын болды. Жақында ғана Республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен бұған дейінгі Ленин көшесі - Мәңгілік Ел, Полковничий аралы - Бейбітшілік аралы деп ауыстыру қабылданған болатын. Қалалық мәслихаттың шешімімен қоғамдық қабылдау өтті. Онда көше атауларын ауыстыруды ұсынушы азаматтар өз өтініштерін айтып ортаға шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Қаладағы Строительная көшесін Аягөз ауданында туып-өскен талантты композитор Тұрсынғазы Рахимовке,  Парковая көшесі Кеңес Одағының батыры және ҚР Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағамбетовке, Н. Крупская көшесі жазушы Әзілхан Нұршайықовқа, Краснознаменная көшесін Баян Байғожинаға беру туралы мәселені біз қоғамдық кеңес отырысында кеңінен талқыға салдық,-деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова,-бұдан кейін  идеологиялық тұрғыдан ескірген тағы да  10 көшенің атауын өзгерту бойынша қоғамдық кеңестің келесі  жиыны өтті. Комсомольская көшесін - Жібек Жолы, Кутузов көшесін - Алтай, Колхознаяны - Берел, Первомайская көшесін - Алаш,  1 декабрь көшесін  - Самал,  Декабристов көшесін - Звёздная, Восход кентіндегі  Туктабаев көшесін  - Сонар атты тарихи атқа ауыстыру туралы  және тағы басқа да көптеген ұсыныстар қарастырдық.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив