KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Өскемендегі көпір ай соңында дайын болады

5.10.2018, 05:11 109

Өскемендегі Спорт сарайы аялдамасының тұсынан салынып жатқан жаяу жүргіншілер көпіріне лифт орнатылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Құрылысшылардың айтысынша, негізгі шаруа аяқталуға айналып, көпірдің қабырғаларын сылап, ішкі жағын жөндеу жұмыстары қалған.


– Қазан айының соңына дейін барлық істі аяқтап, лифтіні де орнатып үлгереміз деп ойлаймыз. Әлбетте, ауа райы қолайлы болса, – деді қалалық ТҮКШ баспасөз қызметі.


Көпірге үш лифт орнатылады. Лифтілер зейнеткерлерге, мүгедектерге, жүкті әйелдерге және баласын бесік-арбамен алып жүрген ата-аналарға қызмет қылады.


Көпірдің екінші бөлігі Абай даңғылының қос қапталын жалғап тұрғаны белгілі. Ол жақтағы бағдаршам жол жөнделіп болғанға дейін жұмыс істей береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив