KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Марат Шоранов: ШҚО-да болған үш ана өлімінің де алдын алуға болар еді

18.09.2018, 11:04 141

Жыл басынан бері өңірде үш ана өлімі тіркелген. Олардың екеуі Семей қаласында, үшіншісі тамыз айының аяғында облыстық ана мен бала орталығында орын алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов тіркелген барлық ана өліміне қатысты фактілер жан-жақты тексеріліп, себеп-салдарлары анықталып жатқанын айтты.


-Бұл жерде біз кемшіліктер алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдардан кеткенін көріп отырмыз. Атап айтқанда, амбулаторлық қызмет пен стационардың арасында байланыс жетіспейді. Пациенттерді аудандық, қалалық деңгейде көреміз де, ары қарай жоғалтып аламыз. Осы жерде медициналық ақпараттық жүйені енгізу осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Пациент ақпараттың соңынан емес, керісінше, ақпарат науқастың соңынан ілесіп отыруы керек, - деді басқарма басшысы.


Соңғы қайтыс болған келіншек Шар қаласынан облыстық ана мен бала орталығына жеткізіліпті. 37 жастағы әйелдің алғаш бала көтеруі екен. Алайда денсаулығында көптеген кінараттар болған. Қан қысымының жоғарылығы, қант диабеті, гастрит, семіздік сияқты дерттердің кесірінен жүктілікті дұрыс көтере алмаған.


-Бала сүю әр әйелдің арманы, өз қалауы. Алайда мамандар денсаулығында кінараты бар әйелдерге жүктіліктің қауіп-қатерін дұрыстап ескертулері керек. Орыналған үш ана өлімінің де алдын алуға болатын еді, - деп қорытындылады Марат Шоранов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив