KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да жыл басынан бері ана өлімінің екі жағдайы тіркелген

26.04.2018, 14:57 233

Облыста ана мен бала өлімінің көрсеткіштері биыл өткен жылғыдан жоғары, тіпті республикалық деңгейден де асып кеткен.  2017 жылы өңірде төрт ана өліміне жол берілсе,  жыл басынан бері екі жағдай тіркеліп отыр.


Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова «Нұр Отан» партиясының  «Денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша партиялық кураторлық комиссиясының отырысында мәлімдеді.


Өткен жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімінің көрсеткіші 18,4 құраған, ал республикалық деңгей – 12,0.  Бақытсыз жағдайлардың біреуі Ұлан ауданында, Өскемен қаласында және екеуі Семейде тіркеліпті. Сала басшысы орынбасарының мәліметі бойынша, өлімнің  себептері жұқпалы қабыну ауруы, тамырлардың патологиясы, акушерлік қан кету мен төртіншісі жүктілікке қатысы жоқ аневризма, бас ми тамырының  жарылуы екені анықталған.


-Әрине, бұл бақытсыз жағдайлардың кейбіреуінің алдын алуға болатыны да анықталды. Әр жағдайға қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп, кінәлілер тәртіптік жауапқа тартылды, - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Облыс бойынша бала өлімінің көрсеткіші де республикалық деңгейден жоғары екені айтылды отырыста.  2017 жылы облыста бала өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 7,3 болса, 2016 жылы бұдан да көп болған – 9,1. Республикалық көрсеткіш – 8,6, 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш – 9,5, республикада - 8,9.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив