KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Д.Абаев цифрлы стандартқа қай аймақтың бірінші көшетінін айтты

4.09.2018, 06:43 182

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елдегі циярландыру бағдарламасының іске асу барысы жайлы және аймақтардың жаңа жүйеге қай уақытта ауысатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Өздеріңіз де білесіздер, біз осы жұмысты бастаған уақытта шекаралас аумақта орналасқан ауылдар отандық бір-екі телеарна ғана көре алатын. Біз осы стандартқа толық ауыссақ қазақстандықтар облыс орталықтары деңгейінде 30-ға жуық телеарнаны, ауыл және аудан орталықтарында 15-ке жуық отандық телеарнаны цифрлық сапада тамашалай алады, – дейді министр.


Абаевтың айтуынша, цифрлы стандартқа көшсек, отандық арналар арқылы халық өздеріне қажетті ақпарат пен бағдарламаларға қол жеткізеді. Екінші жағынан бұл мемлекеттік ақпараттық саясатты нығайтуға да өз ықпалын тигізбек.


«Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді», деп мақалдаған ведомство басшысы жаңа жүйенің тағы бір артықшылығын атап өтті. Цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер босайтын көрінеді. АКМ өкілдері жиіліктерді байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға пайдаланбақ.


– Өткен жылы біздің министрлік «Телерадио хабарларын тарату» Заңына өзгерістер енгізді. Осылайша олардың инфрақұрылымдарының дайындығына сай аймақтарды кезең-кезеңімен көшіруге жол ашты. Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласында 2018 жылдың аяғына дейін. 2019 жылы Алматы, Павлодар, Қостанай облыстарында. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстарын 2020 жылға дейін. Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары 2021 жылы кезең-кезеңімен жаңа форматқа ауысады. Барлық облыстың әкімдіктеріне бұл ақпарат жетті. Қазір аймақтар тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп түйіндеді Дәурен Абаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив