KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Қорғаныс министрі Шығысқа келді

3.09.2018, 10:19 280

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев Семей және Өскемен гарнизондарындағы құрамалардың, сондай-ақ әскери бөлімдер мен мекемелердің ахуалына қанықты.


Сапары барысында Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техниканың сақталу тәртібі мен шарттарын, оқу-материалдық базаның жай-күйін, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерінің іске асырылуын, сондай-ақ инфрақұрылым мен техникалық аймақ нысандарын тексерді. Бұдан басқа, ведомство басшысы «Семей инжиниринг», «Семей машина құрастыру зауыты», «Семей автожинау зауыты» АҚ-да болды. Мұнда өндіріс цехтарының барлық жұмыс циклдарымен танысты.


Сонымен қоса, Нұрлан Ермекбаев, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен қоян-қолтық ұрыс федерациясына аялдады. Ресми сапардың нәтижесінде министр «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен бөлімшелердің қызметін оңтайландыру, оқу-материалдық базаны жетілдіру және әскери қалашықтардың инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив