KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да ҰБТ-дан 121 балл алған жігіт шаштараз мамандығын таңдады

3.09.2018, 05:15 221

Шалқар Қанатұлы Амангелдинов Аягөздегі қазақ мектеп-гимназиясын 2017 жылы жақсы аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 121 балл алып, ұстаздары мен жақындарын бір қуантқан.


Физика мен математиканы таңдаған жас жігіт бірден Қазақ Ұлттық университетінің механика –математика факультетінің «Автоматтандыру және басқару» бөліміне түсіп, 4 ай оқығаннан соң, бәрін тастап, туған қаласы Аягөзге келіп, шаштараз болып еңбек ете бастады. Қазір «Керемет» деп аталатын сауда орталығының жанынан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығында білдей шаштараз.


Осы мамандықтың қыр-сырына үйрететін «Barbershop» деп аталатын 3 айлық курсты оқыған ол бұдан соң бір ай Атырауда тәжірибеден де өтіп келіпті.



-Шалқардың мектеп қабырғасында жүргенде-ақ басты арманы шаштараз болу еді,-дейді оның анасы ұстаз Айгүл Бураханова,- Әкесі Қанат екеуміз оның алған бетінен қайтпайтынын білсек те жоғары білім алуына барлық жағдайды жасаған едік, енді амал жоқ...


Ал Шалқардың ойы бөлек. Ол осындай қадамға барғанын былай деп түсіндіреді:


-Қазір жоғары білім алып, дипломын сандыққа салып қойып жүрген қаншама аға-апаларымызды көріп жүрміз ғой. Менің ойымша осының бәрі мамандық таңдауда жіберілген кемшіліктердің салдары. Ата-ана да перзентінің не нәрсе қолынан келетініне, нені таңдайтынына мән бермегенінің кесірі. Мен өзім сүйетін мамандықты таңдадым. Маған күнделікті еңбегіме берген ақы емес,өзім сүйген мамандығымнан алған ләззатым қымбат,-дейді 19 жасар жас жігіт.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив