KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Айғаным «Шығыс-Ақпараттың» арнайы стипендиясына лайық деп табылды

2.06.2013, 18:00 179


Үржар ауданы Науалы орта мектебінің түлегі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 3-курс студенті Айғаным Әліпова «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингі тағайындаған арнайы стипендияны иеленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дарынды жас қыз жаңа оқу жылынан бастап, ай сайын 10 мың теңгеден алып тұратын болады. Оқу үлгерімі жақсы, заманауи жобаларға белсене қатысқан студентке берілетін стипендияның арнайы сертификатын «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Нұржан Қуантайұлы университет қабырғасында салтанатты түрде табыстады.

Айғаным Науалы орта мектебін 2009 жылы тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің грантын өзінің мәнді де мазмұнды мақалаларымен мектеп қабырғасында жүріп-ақ жеңіп алған.

– Бұл – қызымның тек еңбегі мен талантының арқасында ғана жетіп отырған жетістігі, – дейді оның әкесі Қанат Әліпов. – Осындай жас таланттарды қолдап, демеушілік жасап отырған «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Нұржан Қуантайұлына алғыс айтамын.

Берікхан Тайжігіт

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив