KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Жұртшылық «Электронды үкіметтің» тиімділігін түсінбей келеді

2.09.2018, 12:35 145

Сала мамандары осылай деп санайды. «Электронды үкіметті» жаппай қолдануды ең алдымен мемлекеттік қызметшілер бастамақ.


Облыс әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерге семинар өткізді. Ол жиында қызметкерлерге Е-gov порталы арқылы жұмыс істеу тәсілдері үйретілді.


–     Қазір мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі «Электронды үкімет» порталы арқылы тегін көрсетіледі. Айталық, соттылықтың жоқтығы туралы анықтама осыдан бес жыл бұрын облыс бойынша тек Өскеменде ғана берілетін, оны азаматтар бес күн күтетін. Сонау шалғай аудандардан тұрғындар сол бір қағаз үшін екі рет қалаға қатынайтын. Алқазір оны Интернет арқылы кез келген жерден, әп-сәтте алуға болады, бір ғана түйткіл – азаматтардың дені әлі көп жайттардан бейхабар. Міндетіміз – тұрғындарды ақпараттандыру, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Азамат Есембулов.


«ЦифрлықҚазақстан» бағдарламасы елімізде қарқынды қолға алына бастады. Азаматтар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгере алулары тиіс. Өкінішке қарай, осы ретте олқылықтар жетерлік. Ауылдық аймақтарда Интернет желісі не мүлдем жоқ, не болмаса жылдамдығы талапқа сай келмейді. Десек те, Интернет байланысы жөнінен еш мәселесі жоқ қалалардың тұрғындары да мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқада алуға асығар емес. Шындығына келгенде, халықтың әлі күнге шекті басым бөлігі көптеген анықтамалар мен қызметтердіүйден шықпай-ақ, компьютердің не болмаса қалта телефонның көмегімен алуға болатынын біле бермейді.


Облыс әкімідігі бұл бағытта ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің өздері үлгі-өнеге болулары, өздері осы қызметтерді электронды түрде қолдана алулары тиіс деп санайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив