Семейдің оң жақ жағалауындағы үйлерге су беру тоқтатылады
«Семей Су арнасы» МКК-ның хабарлауынша, бүгін кешкі сағат 22:00-ден бастап, 28-ші тамыз сағат 22:00-ге дейін қаланың оң жағалауы бөлігінде орналасқан көпқабатты және жеке үйлерде жылу беру маусымына дайындық жүргізілуіне байланысты су беру тоқтатылады.
Сондықтан да, қала тұрғындарына, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығына өрт сөндіру мен толық жұмыс жасауға барлық жағдайды жасап, тәуліктік су қорын дайындап алуларын сұрайды.
Оқи отырыңыз