KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Ана мен бала орталығында ДНҚ талдаулары жасалады

24.08.2018, 10:49 154

Өскемендегі Ана мен бала орталығында алдағы уақытта кіндіктен қан алу арқылы ДНҚ талдауы жасалатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Мұндай талдау құрсақтағы нәрестенің денсаулығына ерте кезеңде диагностика жасауға мүмкіндік береді екен.


Процесс толықтай автоматтандырылғандықтан, талдау нәтижелерінде қателік жіберілмейді. Бұл туралы орталықтың директоры Ермек Омарбеков БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.


-Шамамен ағымдағы жылдың қараша айында кіндік қаны арқылы талдау жасауға арналған жаңа заманауи жабдық сатып алынады, - дейді Ермек Омарбеков. – Инновациялық жабдықтың көмегімен 22 аптаға дейінгі нәрестенің 23 жұптан тұратын ДНҚ тізбегін көре аламыз, демек, болашақ сәбидің денсаулығына нақты диагностика жасауға болады.


Нәрестенің денсаулығындағы патологияны ерте кезеңде анықтау облыстың медицинасы үшін үлкен жетістік болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив