Өскеменді қою қара түтінге көміп жүрген "Мараттың" автобустарына шектеу қойылмай ма?
Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Юрий Кудинов аялдамалар мен көшелерді қара түтінге көміп кетіп жатқан автобустар туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Осы мәселеге қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен қалалық әкімшілік полициясы тарапынан жіті көңіл бөлінбей отыр,-дейді маман.
Экологтардың сәуір - шілде аралығында өткізген сырттай бақылаулары қорытындысында қалада 174 бірлік «қара түтінді» автобус тіркелген.
Жолаушы тасымалымен айналысып жатқан «Марат М» ЖШС және «Каленицкий» ЖК ның автобустық маршруттары аз болғанымен көшені көк түтіндетіп жүргендердің көпшілігі осы мекемелердің автобустары екені анықталды дейді экологтар.