KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

ШҚО-дағы киелі орын қараусыз қалып отыр ма?

23.08.2018, 12:35 175

Жаңғызтөбе ауылынан 40 шақырымдай жерде, Қалба тауларының етегінде орын тепкен Баянбай ата кесенесі – көпшілік келетін киелі орындардың бірі. Бақсы Баянбай ата туралы не бір аңыздар айтылады. Жандарына дауа іздегендер мазардың басына келіп, сиынады екен.  Олардан бөлек мұнда экскурсиямен келетін туристер де бар. Сондықтан киелі орын пайда көзіне айналып, келушілерге ақылы қызмет түрлері көрсетіле бастаған.



-Жуықта Баянбай атаның басына барып қайттым, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Дина Раимбаева. – Бұл көптен бергі арманым еді. – Мұнда келушілерлі қарсы алып, қызмет көрсететін адамдарды тек табыс табу ғана қызықтыратын секілді. Тазалық пен тәртіп жағы тиісті деңгейде қадағаланбаған. Жан-жақта шашылған қоқыс. Әрине, тазалық мәселесіне тек онда жұмыс істейтіндер ғана еменс, келушілер де жауапты.  Дегенмен, қоқыстан бөлек те көңілім толмаған жәйттар кезігеді.


Дина Раимбаеваның айтуынша,  «Нұр» деген алаңдағы қазықтардың әбден тозығы жеткен екен.  Кейбіреулері, тіпті, сынып, жұлма-жұлмасы шығыпты.  Әулие бұлақтан су құйынатын орынның қоршаулары қисайып, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Бұлаққа апаратын жол да ескіріп кекен. Ал бұлақтың өзі  бұталар мен қорыс-қопадан дұрыс тазартылмаған деседі.


-Баянбай атаның мазарының маңына көгал жасап, гүлдер өсіріп қойса тамаша болар еді, - дейді Дина Раимбаева. – Бұл орыннан табыс тауып отырғандықтан, ондағы жағдайды да келушілерге қолайлы еткен дұрыс деп санаймын.


Айта кетсек, киелі орындағы «Аса таяқ» жорасы бір адамнан 5000 теңгеден алады екен. Тұсау кесу -  500 теңге, бата – 200 теңгеден басталады. Ал мазар басына жол көрсетушімен бірге келудің бағасы – 20000 теңге.


Баянбай атаның мазарына шетелден де келетін адамдар бар екенін ескеретін болсақ, олардың алдында киелі орынды тоздырып жіберуіміз әулие бабамызға көрсетілген құрметсіздік болып қабылданбай ма?




 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу