Қазақстандық оқушылар ерекше оқулықтармен оқитын болды
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептеріне үшінші сынып оқушыларына арналған жаңа базалық оқулықтар түседі. Олардың ерекшелігі неде?
Жаңа оқулықтар оқу процессін қызықты әрі көрнекті етеді екен. Толықтырылған шынайылық деп аталатын технология балалардың көбіне таныс десе де болады. Орнатылған арнайы қосымшасы бар планшет не смартфонды кітаптың парақтарына жақындатсаң, экранда қосымша ақпарат шығады.
Жаңа оқулықтар қазақ тілінде және базалық болып табылады. Оқулықтың әр блогында толықтырылған шынайылықтың 15 элементі бар – дыбыс, 3D-бейне және күрделі дүниелерді көрнекті етіп көрсететін видео.
Бүгінгі таңда мультимедиялық контенті бар үш оқулық әзірленіп отыр. «Әлемтану», «Жаратылыстану», «Математика» пәндері бойынша оқулықтар аталған технологиямен жабдықталған екен.