KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Бірінші және даярлық сыныбына баратын балаға төрт-ақ құжат қажет

17.08.2018, 04:50 264

– Менің балам бірінші сыныпқа, көршімнің қызы даярлық сыныбына барады. Өзіміз қалаға биыл көшіп келдік. Өтінішпен бірге баланы мектепке қабылдау үшін қандай құжаттар тапсыру қажет. Бұрын оншақты болатын, қазір төрт-бес құжат қана тапсырады дейді. Осының нақты тізімін айтып берсеңіздер екен.


Мөлдір Асхатқызы

Өскемен.


Сауалға облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова жауап береді:


– Енгізілген жаңа өзгерістер бойынша даярлық сыныбына және бірінші сыныпқа баратын балалар үшін тек төрт құжат қана талап етіледі. Олар:

1. Мекенжай анықтамасы;

2. 3х4 үлгідегі екі фотосуреті;

3. Баланың туу туралы куәлігі;

4. Медициналық анықтама;


Осыларды жинақтаған ата-аналар өздерінің тұрғылықты жері бойынша мектепке келіп өтініш жазады. Ата-аналардан бұдан басқа құжаттар талап етілмейді. Егер мектеп басшылығы өзге де құжаттарды талап еткен жағдайда қалалық білім бөліміне хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив