KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Биылдан бастап оқушылар бірдей мөлшерде тамақтанады

16.08.2018, 08:19 219

Биылдан бастап оқушылардың бәріне бірдей мөлшерде денсаулыққа пайдалы азық беріледі мектепте, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Бұл елімізде бірінші рет іске асқалы тұр. Төрт күндік ас мәзірі Қазақ тағамтану академиясы және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп дайындалды, – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдақасымова.


Бұл мәзірде пайдалы тағамдардың барлығы бар. Мезгіл-мезгілгеге сай қажетті тағамдар ауыстырылып отырады.  Оқушылар аптаның екі күнінде сүт, бал, ірімшік және салат тұтынады. Аптасына бір балық, котлет, тефтелимен ауқаттанады. Әр күні көже ішіп, сиыр мен тауықтың етін жейді.


Тамақ мөлшері оқушы жасына қарай үшке бөлініп беріледі. 7-10 жас аралығына – 840 килоколория, 11-14 жас аралығына – 951 килоколория, 15-18 жас аралығына – 1 020 килоколория.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив