KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2,3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда оқушылардың тағам рационы бекітілді

17.08.2018, 10:54 271

Осы оқу жылынан бастап Қазақстанның оқушыларына арналған тағам рационының бірыңғай стандарттары әзірленіп, бекітілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқушылардың дұрыс тамақтануы бойынша бірыңғай стандарт елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Төрт апталық мәзірді Қазақ тамақтану академиясы мен Ұлттық денсаулық орталығының мамандары бірлесе отырып, әзірлеген екен. Мәзірге азық-түліктердің барлық негізгі топтары қосылып, әр маусымға негізделген.


Мәзірге жеке тоқталып өтсек, бал мен сүт аптасына екі рет, ірімшік, көкөністен жасалған салаттар – үш рет берілуге тиіс. Әр апта сайын, бейсенбі күндері – бөктірілген балық, котлет, тефтели. Түрлі көжелер күнделікті берілетін болады. Ал екінші тағам ретінде сиыр, тауық етінен жасалған тағамдар бекітілген.


Тағам рационының бірыңғай стандарттары балалардың жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінген: 7-10 жас аралығына – 840 килокалорий, 11-14 жас – 951 килокалорий, 15-18 жас – 1020 килокалорий.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив