KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Елімізде оқушылар арасында артық салмақ қосу мәселесі байқалады

7.09.2018, 11:24 155

Мектеп асханаларындағы ас мәзірі өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы тағамдардан,  ғылыми негізде жасалуға тиіс. Осыған орай елімізде қанатқақты жоба ретінде бес мектептің асханасы модернизацияланады, ішінде Семей қаласынан бір мектеп бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Нұр Отан» партиясы балалардың денсаулығына қатысты мәселелерді басты назарға алды. Бұл жайында партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ШҚО-ға келген сапарында айтқан болатын.


-  Соңғы бес жылда балалар арасындағы артық салмақ қосу 15 пайызға өскені байқалады. Оқушылардың үнемі фаст-фуд тағамдарын қолдануы, әртүрлі сусындар олардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Мектеп асханаларының мәзірі  баланың ағзасына тек пайдалы тағамдардан тұруын үнемі бақылауда ұстау қажет. «Нұр Отан» партиясы ең алдымен мектеп асханаларын модернизациялауды қолға алады. Ас мәзірі ғылыми негізде жасалуға тиіс. Қазір біз бес мектептің асханасын модернизациялаймыз, -деді Мәулен Әшімбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив