KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Өскемендік жүргізуші жол жөндеушілерден жарты миллион теңге өндіріп алды

14.08.2018, 09:14 147

Көлігі жолдың шұңқырына түсіп кеткен өскемендік азамат сотқа шағымданып, жол қызметінен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қалалық соттың хабарлауынша, жүргізуші көлігім қатты зардап шекті деп «Қазавтожол»-дың үстінен шағым түсірген. Жалпы материалдық шығынын 622 511 теңгеге бағалап, оған қоса 150 мың сот шығынын талап еткен.


Сот барысында екі тарап медиацияның көмегімен бір сөзге келе алды. Жол қызметінің өкілдері жапа шегушіге 520 000 теңге өтемақы төлеуге уәде етті. Сот ісі солай тәмам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив