KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

Абай қолданған шкаф Қызылордадан табылды

9.08.2018, 05:55 106

Қызылорда облысы Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігер ретінде жоғары бағаланған шкаф Абай Құнанбаевтыкы болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Шкафты музейге аталмыш өңірдегі А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров табыс еткен екен.  Ахметбектің  айтуынша, Зере оған нағашы әже болып келеді.  Бірде Құнанбайдың туысы, Тұрған есімді әйел адам ауылына төркіндеп барғанда,  Абай естелік ретінде аталмыш шкафты тарту еткен көрінеді.


– Одан кейінгі жылдары ол кісі (Тұрған) қыз босанып, оған Абайдың әжесі Зеренің есімін қояды. Бүлдіршін Зере бой жетіп, Сыр өңіріне келін болып түскенде осы шкаф жасауымен бірге келеді, – дейді аудандық өлкетану музейінің қызметкерлері.


Осылайша Ахметбек Іскендіров қаншама жыл көзінің қарашығындай сақтап келген дүниені аудандық өлкетану музейіне табыс еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив