KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Көліктегілерге енді «Kazway» мобилдік қосымшасы көмектеседі

8.08.2018, 10:46 64

Енді қазақстандық жүргізушілер қай қалада жүрсе де, ЖҚС мен ТҚС-ны адаспай таба алады. Оған «Kazway» көмектеседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«ҚазАвтожол» автокөлік жолдарын басқару АҚ-ның операторлары жол нұсқайтын жаңа қосымша жүргізушілер үшін арнай жасалып отыр. Сервистің бір ерекшелігі – интернетсіз жұмыс істей береді. Смартфоныңызға жүктеп алсаңыз болғаны.


Қосымша әзірге тек «алмасы бар» телефондарда ғана қол жетімді. Бірақ техникалық мамандар Android жүйесіне енгізу шараларын жасап жатыр.


Қазақстандық және шетелдік қонақтар үшін «Kazway» қосымшасында жол бойындағы 1800 пунктің мағлұматы бар. Техникалық қызмет және жанармай құю станцияларынан бірге дәмхана, сауда-саттық орындары, көлікжуу мен көлік тұрақтарын оңай табуға болады. Бұлардан бөлек дем алатын орындар мен медициналық пунктер де қосымшадан табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив