KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жаңа басшы келді

8.08.2018, 07:43 283

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы болып Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Нұрлан Әбдірахманов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүйесінің әдіснамалық, бақылау және қаржылық нарықты қадағалау саласында 20 жыл жұмыс істеген тәжірибелі маман.


2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар нарығын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының стратегия және талдау бойынша бөлімшелерін басқарды.


Соңғы жеті жыл ішінде Ұлттық Банктің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті директорының қызметін атқарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив