KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың  50%-ын ғана төлеуге болады

5.08.2018, 05:30 201

ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы ағымдағы жылдың 9 қаңтарынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 811 бабына сәйкес, әкімшілік айыппұлды жеті тәулік ішінде 50% мөлшерінде ғана төлеуге болатынын ескертеді.


Жол жүру ережесін бұзу тіркелген кезде санақ құқық бұзушы хабарландырылған күннен  басталады. Жеті тәулікті есептеу кезінде демалыс және мейрам күндері есепке алынбайды.


ШҚО-да соңғы жеті ай ішінде 4 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзу фактілері тіркелген. Оның ішінде 1700 бұзушылық жылдамдықты асыруға байланысты, 700-ден астам факті бағдаршамға тоқтамай өту, 1300-ден астам факті жол жүру белгілерін бұзу бойынша тіркеліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив