KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Жыл басынан бері Шемонаиха ауданында 604 тұрақты жұмыс орны құрылған

Фото: klerk.ru

13.09.2024, 17:10 128 Нұржан Кенжеұлы

Жыл басынан бері Шемонаиха ауданында 604 тұрақты жұмыс орны құрылған.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов деп хабарлады, Altainews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, аудан көлемінде 359 адам бос жұмыс орындарына орналастырылып, 238 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. 11 отбасы (29 адам) еліміздің жұмыс күші мол аймақтарынан қоныс аударған. Сондай-ақ ауданға бес қандас отбасы (14 адам) келген.

– Мысалы, денсаулық сақтау саласына тоқталсақ, ауданымызға жеті дәрігер мен 15 орта буын медицина қызметкері келді. Оның төртеуіне – баспана, үшеуіне 100 АЕК немесе 369,2 мың теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы берілді. Тағы үш медицина қызметкері осы айдың соңына дейін көтерме жәрдемақы алатын болады, – деді аудан басшысы.

Белгілі болғандай, «Construction group Samruk» мердігер компаниясы Волчанка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу