Қазақстан өңірлері цифрлық телерадио хабарларын таратуға қашан қосылатыны белгілі болды
Мәдениет және ақпарат министрінің қызметін атқарушысының бұйрығымен 2024 жылғы 26 тамыздағы қаулысымен цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімі анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің келесі мерзімдері белгіленді:
- 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін — Абай (12 ауыл), Атырау (38 ауыл) және Шығыс Қазақстан (3 ауыл) облыстарында 53 елді мекен;
- 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін – республиканың барлық облыстарында 944 елді мекен.
Бұйрық 2024 жылғы 22 қыркүйекте күшіне енеді.
Оқи отырыңыз