KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді

Фото: anosfera.ru

13.09.2024, 19:10 118 Айжанат Бақытқызы

Биыл жазда Қазақстанда жұмысшы мамандарға сұраныс айтарлықтай өскені байқалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

HeadHunter Kazakhstan қызметінің мәліметінше, жазда жұмыс берушілер 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын орналастырды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24% көп.

Жұмыс берушілер Алматыда 6065 жұмыс орнын ұсынған. Екінші орында 3 062 бос орнымен Астана, одан кейін Қарағанды (1 542) және Өскемен (1 191) тұр.

Мамандарға негізгі сұраныс «Құрылыс, жылжымайтын мүлік, пайдалану, жобалау» (барлық бос жұмыс орындарының 13,3%-ы) және «Бөлшек сауда» (12%) сияқты салаларда байқалады. Бұл салаларда білікті жұмысшылардың тапшылығы жоғары.

Қара жұмыс жоғары білімді қажет етпейтініне қарамастан, үміткерлердің 28 пайызының жоғары білімі бар. Бұл олардың жоғары біліктілігін және тұрақты жұмыс табуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Қазақстанда қара жұмыстағы орташа жалақы шамамен 291 877 теңгені құрайды. Ең жоғары жалақы Алматыда – шамамен 302 213 теңге, ал ең төменгісі Талдықорғанда, орташа жалақы 219 105 теңге.

Сұранысқа ең мамандықтардың бірі - жүргізуші. Жүргізушілер сұраныстың 37%-ын құрайды. Сонымен қатар, бояушы, сылақшы, токарь, фрезерлер мен станок операторларын табу қиын - мұндай мамандардың түйіндемелері 1% -дан аз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив