KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Банктердің қосылуы ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудырмай ма?

2.08.2018, 08:31 204

– Мен зейнетақымды «Халық банкінен» аламын. Балаларым да жалақыларын осы банк арқылы алады. Жақында теледидардан «Халық банкі» мен «Казкоммерцбанк» екеуі қосылып жатқандығын естідім. Сонда бұл қосылулардан біз секілді қарапайым ауыл тұрғындары зиян шекпей ме? Халық банкінің карточкалары алдағы уақытта да жарамды бола ма, әлде автоматты түрде жойылып кете ме?


Мәриям Бақытбекқызы

Шемонайха ауданы.


Сауалға «Халық банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова жауап береді:


– Бұл өзгерістерден «Халық банкінің» клиенттеріне еш алаңдамауға болады. Себебі, керісінше «Казкоммерцбанк» бізге қосылып жатыр. Жақында ол банктің барлық мүлкі, барлық құқығы мен міндеттемелері екінші деңгейлі банктердің ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы аясында «Халық банкіне» өтті. Біз бір жарым жыл уақытқа созылған үлкен процесті аяқтадық. Ақырғы нәтижесінде екі банк қосылып отыр.

Бұрынғы Казкомның клиенттеріне ақпарат ретінде айтар болсақ, оларға «Халық банктің» барлық бөлімшелерінде тиісінше қызмет көрсетілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив