KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Ұлан ауданында орман өртеніп жатыр

25.07.2018, 06:21 98

Өрт сөндірушілер Ұлан ауданының аумағындағы орманнан шыққан өртті ауыздықтауға бар күштерін салуда. Қазір ашық жалын сөндірілді, тек жалыннан қалған шоқтардың орындарымен күрес жүргізілуде. «Асубұлақ орман шаруашылығы» қызметкерлерінің айтуынша, өрттің шығуына найзағай себеп болған көрінеді.


Приморск орманшылығындағы өрт кеше түске дейінгі уақытта байқалды. Өрт сөндіруге орман шаруашылығы мен Қазорманқорғаудың 60 қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, көмекке Ұлан ауданының 31,32,34 өрт сөндіру бөлімдерінің құтқарушылары да жіберілді.


Қазіргі уақытта өрттің аумағы 28 гектарды құрап отыр. Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ деп сендіреді ТЖД.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив