KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Думан  Анаш  «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды

19.07.2018, 08:46 181

Белгілі журналист-публицист, жерлесіміз Думан Анаш «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Думан Нұрланұлы Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2001 жылы І.Жансүгіров атындағы Қарабұлақ орта мектебін, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. «Спорт», «Алматы ақшамы» және Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеттерінде тілші, ақпараттық топ жетекшісі болып еңбек еткен. Сондай-ақ «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін де бірнеше жыл абыроймен атқарды. Ал жаңа қызметке тағайындалғанға дейін бас басылымның әлеумет және білім бөлімінің меңгерушісі болды.


2014 жылы «Фолиант» баспасынан «Әулет», 2017 жылы «Арна-б» баспасынан «Алтайдан Алакөлге дейін» атты публицистикалық жинақтары жарық көрді. 2007 жылы «Жыл журналисі» аталымымен, 2017 жылы «Үркер» ұлттық сыйлығымен марапатталған.





Думан Анаш қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан жас буын өкілдерінің бірі. Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив