KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 0,9 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

ШҚО-да үш жаңа мектеп ашылады

10.07.2018, 06:18 175

ШҚО-да апатты жағдайдағы үш оқу орнында жөндеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өңірдегі құлаудың аз-ақ алдында тұрған мектептер әлі күнге дейін оңалмай келеді.  Солардың бірі Тарбағатайда болса, тағы екеуі Күршім ауданында бар.


Осы уақыт аралығында ШҚО-да үш аусымды оқу орындары қалмауы тиіс.


Аягөз ауданындағы №4 мектеп облыс көлеміндегі осы уақытқа дейін үш аусымды күйінде қалған жалғыз білім ошағы еді. Сол себепті 2017 жылы ҚР Ұлттық қорының есебінен 600 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталған. Облыстық құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сәйкес, жаңа білім мекемесі тамыз айында туын тікпек.


Естерңізге салайық, дәл қазіргі уақытта облыс көлемінде 3820 орындық алты білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның бесеуі жаңа мектеп, біреуі мектепке қосымша ғимарат. Осы жылы үш жаңа білім ошағы қатарға қосылады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив