KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Семейдің маңайын террористер "басып алды"

29.06.2018, 11:15 88

Осындай сценарий негізінде "Шығыс" жалпыəскери полигонында, жауынгерлер тактикалық көрініс қойды. Соған сəйкес арнайы мақсаттағы күштер, содырлардан қорғанудың замануи əдістерін паш етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жаттығудың аңызы бойынша лаңкестер, шартты қалашыққа баса-көктеп кірді. Осы сəтте арнайы мақсаттағы жасақ оқиға орнына шұғыл жетеді. Контроперация "Арлан" броньды доңғалақты машинасының қатысуымен өтті. Бұл ретте əскери техника калибрі 12, 7 миллиметрлік қашықтан басқарылатын SARP модулімен жарақталғанын айта кету керек. Оның көмегімен жауынгерлер қарсыласқа оқты қаршадай боратты. Десе де бұл жаудың толықтай жоюға аздық ететіні түсінікті. Сол себепті "Шығыс" сарбаздары тактикалық тəсілмен ғимаратты тазартуға кіріседі. Нəтижесінде содырлардың көзі түгелдей жойылып, абырой болғанда бейбіт тұрғындар аман қалды. Осыдан-ақ қарулы күштердің əлеуетін бағамдай беруге болады. Тұтастай алғанда, қазақ əскерінің қарымы жаман емес. Бұл пікірді айтулы жаттығуды көзбен көрген сарапшыларда қуаттап отыр. Əйтсе де көпшілігі мұндай көріністер тек оқу-жаттығуларда ғана болса деген ниетте.


- Штабтан "Асқаров" елді мекеніндегі əкімдікті лаңкестер басып алды деген шұғыл ақпарат келіп жетті. Сондықтан қарулы аймаққа екі арнайы топ, 4 "Арлан" броньдалған машинасымен жөнелтілді. Операцияның аңызына сəйкес, бейбіт халық шабуылға дейін құтқарылды. Əкімдікті тазарту кезінде содырлардың екі мүшесі құрықталып, қалғандары мерт болды. Жаттығуда имитациялық жарылғыш заттары пайдаланылды, - деді арнайы шабуылдаушы барлау ротасы командирінің орынбасары, аға лейтенант Рустем Қойшыбаев.



Айта кеткен жөн, "Арлан" броньды доңғалақты машинасы отандық өнім. Ол "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" кəсіпорнында жинақталады. Əскери көлік минаға қарсы күшейтілген қорғаныспен қамтылған. Астыңғы бөлігі V пішіндес болып келгендіктен, ішіне жарықшақ өтпей, жарылыс толқынын əлсірететін көрінеді. Сондықтан жауынгерлердің қауіпсіздігіне алаңдамауға болады дейді əскерилер. Басқарушы мен командирді қоса есептегенде оның 10 адамды тасымалдауға қауқары бар. 16 тонналық "Арлан" сағатына 10 шақырым жылдамдықпен жүйіткейді екен. Дөңгелегіне зақым келгеннің өзінде əскери көлік 70 шақырым жерді оңай еңсереді деп нақтылады мамандар. Тағы бір айта кетерлігі броньдалған техника -50 əрі +50 ауа температурасына шыдас беріп, қалтқысыз жұмыс істей береді екен. Далалық аймақта өткен жаттығуда, аталмыш көлікті БАҚ өкілдеріде тізгіндеп көрді. Журналистердің сөзіне сүйенсек, "Арланның" басқару функциялары қарапайым темір тұлпардан еш айырмашылығы жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив