KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да тасыған өзенге батып кеткен екінші ветеринардың денесі табылды

29.06.2018, 05:19 116

Маусым айының 17-сінде Күршім өзеніне батып кеткен екінші ветеринардың мәйіті табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Су деңгейінің көтерілуі мен ағысының қатты болуына қарамастан жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесін берді. Маусым айының 26-сы күні құтқарушылар мал дәрігерлері мінген машинаның судан алдымен дөңгелегін байқап қалып, одан кейін көліктің өзін өзеннен сүйреп шығарған. Алайда машинаның ішінде мәйіттің болмағаны айтылады.


-Кезекті іздеу жұмыстары кезінде патрульдік топ 51 жастағы ер адамның денесін оқиға орнынан 58 км жердегі Қойтас ауылының маңынан тапты,-деп мәлімдеді құтқару тобының жетекшісі Талғат Нұржанов.


Құтқарушылар табылған мәйітті аудандық ішкі істер бөлімі мен марқұмның туысқандарына табыстады.


Бұған дейін, яғни 19 маусым күні  тағы бір ветеринардың денесі оқиға орнынан 30 км жердегі Қыстау-Күршім ауылының маңынан табылған болатын.


Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив