KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Үлбіден белгісіз әйелдің денесі табылды

27.06.2017, 06:22 116

Өскемендегі Үлбі өзенінен белгісіз әйелдің денесі табылды. Мәйіттен ұрып-соғу іздері байқалмаған.


Полицияның айтуы бойынша, судан табылған беймәлім әйелдің денесі туралы мәлімет 102 желісіне кеше, яғни 26 маусым күні кешкі сағат ондар шамасында түсіпті. Оқиға орынына жедел жеткен полиция және судан құтқару қызметтері, өзеннен 35-40 жас шамасындағы әйел адамның денесін шығарып алған.


ІІД келтірген мәліметтерге қарағанда, мәйіттің бойында  ешқандай жарақат іздері жоқ.  Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен әйелдің кім екендігі туралы ақпарат қазір анықталу үстінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив