KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО әкімі кубогіне арналған жайдарман ойынының жеңімпаздары анықталды

23.06.2018, 04:39 200

Семейдің жайдарманшылары өздерінің толағай жеңістерімен жерлестерін қуанта түсуде. Кеше ғана, тағы да бір додада асығымыз алшысынан түсті. Нақтырақ айтқанда, Риддер өлкесінде өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогіне арналған ІХ республикалық ойынында Семей қаласының намысын қорғаған «Элемент» құрамасы топ жарып, бас жүлдені қанжығаларына байлады.


Жарысқа Қазақстанның әр түкпірінен «Сен тұр, мен атайын» деп суырылып шыққан «Шапалақ», «Грация», «АТУ құрамасы», «Юсуф Мироғлұының қарындастары», «Біз қазақпыз» сынды командалар қатысып , көрермендердің ыстық ықыласынa бөленді.


Айта кетейік, астарлы әзілменен тұшымды ой айтатын, әрдайым тыңғылықты дайындықпен жүретін «Элемент Семей» тобы осының алдында да, бірталай әзілкештер сайысында үздіктердің үздігі атанған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив