KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақстанның белгілі әзілкештері ШҚО әкімінің кубогы үшін жарысады

19.06.2018, 08:06 207

Осы аптада еліміздің ең көңілді де тапқыр жастары табиғаты көркем Риддерде бас қоспақ. 21 маусым күні Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогіне арналған ІХ республикалық ойыны өтеді.

Республикалық ойында Семей қаласының «Элемент», Талдықорған қаласының «Шапалақ», Астана қаласының «Грация», Алматы қаласының «АТУ құрамасы», «Юсуф Мироғлұының қарындастары», Екібастұз қаласының «Біз қазақпыз», Көкпекті ауданының «Көкжайық», Өскемен қаласының «Микс», «Голд» командалары өнер көрсетпек. Әзіл кешін Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен жүргізеді. Кіру тегін.


Сонымен қатар, КТК-на қатысушылар арасында Риддер қаласы әкімінің кубогына шағын футболдан турнир өтеді.


- «Жайдарман» республикалық ойыны біздің өңірде облыстық жастар орталығының бастамасымен өткізілмек. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарды Шығыстың табиғаты ерекше Риддер қаласында қабылдау біз үшін де абырой әрі жауапты іс. Қонақтарды шығысқа тән қонақжайлылықпен қарсы алып, өлкеміздің көркем жерлері және тарихи құндылықтарымен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Қаламызда өтетін осы шараны тамашалаймын деуші облыс тұрғындары үшін де есігіміз ашық,-дейді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Данияр Дюсембаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив