KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 5 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Биыл «Қазақстан барысында» шығыстың намысын кім қорғайды?

21.06.2018, 11:04 118

«Қазақстан барысына» шығыстың атынан кімнің қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жуықта Тарбағатай жерінде қазақ күресінен әлемдік турнир өткені белгілі. Сол турнирде Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының атқарушы директоры Талғат Мәзібаев облыстың намысын қорғайтын балуанды ортаға шақырып, ақсақалдардан бата сұраған. Ол балуан Мақсат Мәзібаев еді.


Біз Мақсат Мәзібаевтың өзімен кейінірек тілдескен едік. Бүгінде Семей қаласында дайындалып жатқандығын айтты спортшы.

– Дайындық жаман емес. Арық айтып, семіз шыққанды жөн санап отырмыз, – деді балуан.


Осы орайда Мақсат Мәзібаев туралы аз-кем ақпарат бере кеткенді жөн санап отырмыз. Ол 1985 жылы 21 қаңтарда Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылында дүниеге келген. Дзюдо күресінен спорт шебері, самбо мен қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен әлем чемпионы. 10 жылдан бері жоғарыда аталған үш спорт түрінен ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келеді.


Айта кетейік, дүбірлі додада шығыстың үміті Мақсатпен бірге Айбек Нұғымаровқа артылып отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив