KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

«Қазақстан Барысында» шығыстың төрт «толағайы» белдеседі

27.06.2018, 11:46 185

Бірінші шілдеде «Барыс Арена» боз кілемінің шаңы аспанға шығайын деп тұр. Себебі, сегізінші мәрте қатарынан «Қазақстан Барысы – 2018» турнирі өтпек. Бұл күнде білегіне сенген мың балуан сақадай сай. Соның ішінде шығыстың төрт бірдей «толағайы» бар.


Олар «Шығыс Барысында» жауырыны жер иіскемеген – Айбек Нұғмаров пен Мақсат Мәзібаев. Алматыда «Әскер Барысы» атанған жерлесіміз Ерасыл Қажыбаев та елорданы бетке алды. Ал семейлік баһадүр Мұхит Тұрсыновтың СҚО атыннан додаға түсетінін естіген ел елең ете қалды рас.


[su_slider source="media: 35267,35266,35265,35264"]


Балуандарға қысқаша тоқталсақ, Айбектің атақ-абыройы бір басына жетерлік. Қайсыбірін жіпке тізейік. Өткен жылы «Әлем Барысы» атанып, айды аспанға шығарған да осы Айбек.

Мақсат Мәзібаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2013 жылы қазақ күресі бойынша әлем чемпионатынды топ жарды. 2015 жылы Азия чемпионатында атой салды. Дәл осы жылда «Еуразия Барысы» турнирінде жеңіске жеткен. Тарбағатайдың 33 жасар оғланы «Қазақстан Барысында» бірінші рет бақ сынағалы тұр. «Әскер Барысы» Ерасыл Қажыбаев та бұл турнирде тұңғыш белдеспек. Мұхиттың жетістігі де ұшан теңіз екенін білесіздер. 2014 жылғы ел барысы бұл.


Төрт толағайымызға да табыс тілейміз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив