KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Айбек Нұғымаров білім саласына басшылық қызметке тағайындалды

31.01.2019, 10:16 94

Айбек Нұғымаров басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды. Бұл туралы ақпарат аталмыш басқарманың сайтында жарияланған.


Айбек Нұғымаров 1987 жылы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты Құндызды деген шағын ауылда дүниеге келген. Қазақ күресінен әлемді бірнеше рет  бағындырған  жалғыз балуан. Үш дүркін (2008, 2009, 2014) Азия чемпионы. Оның лақап аты - Шығыс барысы.  Спорттық атағы – Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.


Көлік колледжі – 1997 жылы ҚР Үкіметі бұйрығымен автомеханикалық коллледж бен су көлік колледжі және Семей жол-механикалық колледжін қосарлау негізінде құрылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив