KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 3 м/с, З
439.43 473.31 4.82

ШҚО әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады

14.06.2018, 14:55 348


Медицина қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдің денсаулық саласын дамытуға үлес қосқан бірнеше дәрігермен орта буын медицина қызметкерлерін марапаттады.


Семей қаласындағы «Вита»медициналық мекемесінің директоры Татьяна Свитич пен облыстық ана мен балаорталығының дәрігер эксперті Лиля Нұртаева «Еңбек ардагері» атанды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Гүлмира Сағидуллина мен Өскемен қалалық №4 ауруханасы қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Татьяна Качаеваға тапсырылды. Облыстың бас неврологы ЕленаАйнабекова мен Абай аудандық ауруханасының педиатры Ләззат Нұрмағамбетова кеуделеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін қадады. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Риддер аудандық ауруханасының медбикесі Рината Федорова мен аймақтық онкологиялық диспансердің маммологы Әсел Абылченова марапатталды. Эндокринолог дәрігер Светлана Трубачева мен облыстық аурухананың ангиохирургы Руслан Салимовтың еңбектері облыс басшысының Алғыс хатымен аталып өтті.


-Өмірде құрметті де маңызды көптеген мамандықтар бар. Бірақ ішінде мейірімділік, өмірді сүю, мақсатқа ұмтылу сияқты адами құндылықтармен өлшенетін, ең бастысы –халықтыңденсаулығын қорғайтын, тіпті адам өмірін жалғастырушы бір ғана мамандық бар. Ол – сіздерсіздер. Менсіздерге қызыға қараймын. Біз облыстың медицина саласы үздік болуын қалаймыз,ол үшін барлық қолдауды жасаймыз. Көп уақыт өтпей-ақ сіздер осы айтқанымыздыңорындалғанының куәсі боласыздар. Бізде керемет дәрігерлер мен орта буын медицинақызметкерлері бар. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын, - деді Даниал Ахметов құттықтау сөзінде.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив