Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов мешітте ауызашар берді
Қадір түні қарсаңында Семейдегі Әнет баба атындағы Қос мұнаралы мешітте қала әкімі Ермак Сәлімов ауызашар берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ауызашар беру сауапты амал. Ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы Алладан болары хақ, яғни ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады. Арнайы дайындалған ауызашарға жүзден астам адам жиналды. Семейліктер өздеріне осындай тамаша мол дастархан жайған қала әкімі Ермак Бидахметұлына шексіз ризашылығын білдірді. Ақсақалдар ақ батасын берді. Қарапайым халық қала әкімі Ермак Сәлімовке Алланың нұры жауып, Рамазан айында тілектері қабыл болсын деп разылықтарын жеткізді.
Ауызашарға Семейдегі Қос мұнаралы Орталық мешіт наиб имамы Елбек Қожамұратов, «Ақылдастар» ауыл ардагерлері бірлестігінің төрағасы Сағындық Бейсенбаев бастаған ақсақалдар және қаладағы «Semei», ТВК-6 телеарнасының ұжымы, зиялы қауым мен ақжаулықты апа-әжелер, жалпы ораза тұтқан барша мұсылман қауым жиналды.