KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Семейдегі су басқан 50 үйдің екеуі ғана жөнделе бастады

11.06.2018, 02:13 123

Семейдегі  тасқын судан зардап тартқандар үшін берілетін өтемақы 371 млн теңгені құрап отыр. Тағы  58 млн теңге қаражат үйлері судың астында тұтасымен кеткендерге бөлінбек. Қазіргі уақытта апатты жағдайда қалған үш үйдің иелері қаланың басқа шеті - Юность кентінен өздеріне баспана қарастырып отыр екен. Олардың тілегіне орай қаладағы ТҮКШ бөлімі жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісімшартын жасап, төлемақы есебінен үй алып бермек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Десек те, қалған зардап шеккендер әлі баспанаға қол жеткізе алмай келеді. Мирный кентінде жартылай суға кеткен үйлерді жөндеу үшін құрылыс бригадалары бекітілді. Жұмыс қалай жүріп жатыр, міне, осыны тікелей бақылау үшін қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы барған болатын.


Ермак Бидахметұлының сөзіне сүйенсек, төлемақының алғашқы бөлігі Семейдің ТҮКШ бөліміне енді ғана түсе бастады. Дүйсенбі күні ТҮКШ бөлімі суға кеткен үйлерді жөндеу үшін мердігерлермен шұғыл түрде келісімшарт жасасады. Өйткені халық ызғарлы көктемнен бері үйлеріне кіре алмай, зар қағып жүр. Әзірше тек Мирныйдағы екі үйді ғана жөндеу басталды.


Далада қалғанның бірі  Загородная көшесінің тұрғыны Ольга Машкова, оның үйі суда бір тәулік тұрып қалған. Мүлде езіліп кеткен. Тіпті дүние-мүлік, заттардан, киім-кешек, азық-түліктен ештеңе қалмаған. Қаладағы №2 штабта орналасқан әкімшілік қызметкерлері Ольгаға  мердігер «ВостокСтройГрупп» ЖШС-інің қызметін ұсыныпты. Туысқандарымен ақылдасып, келіскен соң, ол келісімшартқа қол қойған.


-Күтуге уақыт жоқ,-деді Ольга Машкова,-жаз өтіп бара жатыр. Әзірше жұмыстары көңілімнен шығады. Құм, тас, кірпіш әкелді. Бағалаушы комиссия шығынды 2 млн теңге деп бағалап отыр. Осының есебінен үйіміз жөнделеді.


Сондай-ақ,  Загородная көшесіндегі Романовскийлер отбасы да өз еріктерімен жөндеу жұмыстарын бастауға келісім беріп отыр.  Осылайша 50 үйдің екеуі ғана әзірше түбегейлі жөнделу үстінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив