KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

Алматыда сүт безі обырына қарсы препараттар шығарыла бастайды

t.me/DenMinPR

25.10.2024, 16:00 115 Назерке Каримова

Халықаралық Roche және Нобель компанияларымен бірлесіп Алматы фармацевтикалық фабрикасының базасында сүт безі обырына қарсы дәрілік препараттар өндірісін оқшаулау жөніндегі жоба іске қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Бұл қазақстандық пациенттердің обырдан емдеудің инновациялық әдістеріне қолжетімділігін жақсартып, өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік бермек. 

Мемлекет басшысы отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінің үлесін фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінің 50%-ына дейін ұлғайту міндетін қойды.

ҚР-ның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асыру шеңберінде жаһандық фармкорпорациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту, өндірісті оқшаулауға технологиялар трансферті және жаңа әзірлемелер тарту жөніндегі шаралар көзделеді, бұл импорттық препараттарға тәуелділікті қысқартуға, олардың құнын төмендетуге және оларды пациенттер үшін барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу