Сәтпаев даңғылынан Самар тас жолына дейінгі жол құрылысы қашан аяқталады?
Жолдың құрылыс жұмыстары 2019 жылға дейін аяқталуы мүмкін. Алайда қаржыландыру мәселесі шешілсе, айтылған уақыттан ерте мерзімде де аяқталатын көрінеді деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін құрылыс жұмыстарының барысын көріп қайтты. Осы жылы бөлінген 150 млн теңгені “Терезе” компаниясы игеріп қойған. Облыстық және республикалық бюджетте тағы 1 млрд 300 мың теңге табылып отыр.
-Жұмысты аяқтау үшін сіздерге тағы 1 млрд теңге қажет екен. Біз бұл қаражатты тауып береміз, бірақ құрылысшылар жұмысты тезірек жүргізсе. Осы жағын ойластырыңыздар, мүмкін жолды қыркүйекте ашып қоюға болатын шығар, - деді аймақ басшысы мердігерлік фирмаға.
Айта кетсек, жолдың учаскесі 3 шақырым, жүргін бөлік төрт жолақты болмақ.