KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность жел 1 м/с, СШ
481.19 538.45 5.18

Шетелдік туристер ядролық сынақ алаңын және атом көлін көргісі келеді екен

6.06.2018, 15:38 234

Ұлттық ядролық орталық пен Семей сынақ алаңының аумағы шетелдік туристерді қызықтыруда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Өткен жылы 400-ден астам турист келді. Арасында ресейліктер, жапондықтар, Еуропаның біраз елдерінің өкілдері болды. Туризмнің екі бағыты бар. Бірі –техникалық туризм.  Екіншісі –тарихи орындарды, мұражайларды аралау, - деді Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Қала әкімінің айтуынша, техникалық туризм жобасында саяхатшылар атом көлін, Семей сынақ алаңының аумағын тамашалай алады. Сынақ  алаңының аумағы 18 мың шаршы километрден асады. Осы жерде шетелдіктерге қызықты-ау деген 5-6 нысан белгіленіп, арнайы маршруттар жасалған. Олар Энергетика министрлігімен келісіліп, бекітілген. Әрине,  техникалық туристерден қауіпсіздік техникасын сақтау, жабық режимді нысандарға барудың тәртібін  орындау талап етіледі.


Ал тарихи-мәдени жерлерді аралату жобасына шығысқазақстандық оқушыларды көптеп тарту жоспарланған. Әзірге Курчатов пен Семей қалаларының, Бесқарағай аудандарының балалары келіп жүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив