KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскеменде 10 жастағы қыздың саусағын сілеусін тістеп алды

6.06.2018, 04:12 121

Өскемен қаласының тұрғыны өзінің 10 жастағы қызының қолын сілеусін тістеп алғанын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айтуынша, олар қызы екеуі Сол жағалаудағы хайуанаттар бағына барған. 10 жастағы бала анасынан ұзап кеткендіктен оқиғаның нақты қалай болғаны белгісіз.


-Мен баламның  саусағы жараланып, жылап тұрғанын бірақ көрдім. Қызым қолын тордың ішіне тықпақ болған кезде орман жыртқышы оның қолын тістеп үлгерген,-дейді анасы.


Саябақ-кешеннің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балаға бірден медициналық көмек көрсетілген.


-Бұл жердегі жарақат нақты сілеусіннен болды деп айтуға тағы келмейді. Оқиға кезінде баланың жанында анасы болмаған. Қазір біздің қызметкерлер аталған істің мән-жайын анықтау үстінде,-дейді кешеннің баспасөз хатшысы Алла Доценко.


Егер баланың қолын сілеусін тістегені нақтыланса музей-қорық кешенінің қызметкерлері тордағы аңның ешқандай аурумен ауырмайтынын және оған уақытында қажетті екпелердің салынып отыратыны жөнінде нақты мәліметтер ұсынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив