KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Өскеменде суға түсуге болмайтын орындар анықталды

5.06.2018, 07:12 128

Мұндай орындардың саны қала аумағында сегіз екен. Атап айтқанда,  «Колос», «Урал» саяжайлары қоғамының ауданы, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ауданындағы аралдағы суқойма, Сол жақ жағалау ауданындағы Ертіс өзенінің жағасы, Айналма тас жолы, Орман шаруашылығы, Өскемен ГЭС, согра кенті аудандары мен Карбышев көшесінің ауданындағы аралдағы  суқоймалар.


Қалалық ТЖБ-ның хабарлауынша, аталған учаскелерде қатты ағыс, су түбінде иірімі бар шұңқырлар немесе тереңдігі төрт метрге жететін жарлар бар. Мұндай орындарда шомылу тек аталмыш себептерге байланысты ғана қауіпті болып табылмайды. Су түбінде тас, темір арматуралар немесе адамның денсаулығы мен өміріне қауіпті басқа да заттар болуы мүмкін.


Одан бөлек, шомылушылардың суға кетіп қалуына олардың мас күйінде болуы да ықпал етеді. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау да жиі кездесетін себептердің бірі.


Жабдықталмаған жағажайлар суға түсу маусымында тұрақты түрде қаралып тұратын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив