KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Суға кету оқиғаларының көбі шомылуға рұқсат етілмеген орындарда тіркелген

15.05.2018, 05:06 392

Өткен жылы адамдардың суға кету оқиғаларына жасалған талдау қайғылы жағдайлардың көбі жабдықталмаған орындар мен «жабайы» жағажайларда орын алатынын көрсетіп отыр. Осы мәселе Өскемендегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның отырысында талқыланды.


Аталған мәселені осы жаздағы шомылу маусымында болдырмау мақсатында қала аумағындағы суға түсуге рұқсат етілмеген орындарға тыйым салу белгілерін орнату тапсырылды. Сондай-ақ, Өскемен қаласының ТЖБ «2018 жылғы суға түсу маусымында азматтардың судағы қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралардың кешенді жоспарын» әзірлеп отыр.


Жақын арада қалалық ресми жағажайларға комиссиялық тексеру жүргізіліп, суға түсетін орындардың жазғы маусымға дайындығы анықталады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив