KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Менингиттен көз жұмғандардың саны 12 адамға жетті

4.06.2018, 08:28 183

Жыл басынан бері елімізде 12 адам менингококк инфекциясынан көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті.


Бүгінгі таңда 58 адам осы инфекцияға шалдығып отыр. Оның 18-і - 14 жасқа дейінгі балалар, солардың ішінде төрт жасқа дейінгі бес бала көз жұмды.


Министрдің айтуынша, инфекция толқынды сипатта таралуда. 2013 жылы бактериалды менингиттің 117 жағдайы тіркелген болса, 2014 жылы – 119, ал аурудың ең көп тараған кезі 2015 жылы – 424 жағдай тіркеліпті. 2016 жылы – 120, 2017 жылы – 162. 2013 жылы көз жұмғандар саны 18 адам болса, 2014-те – 15, 2015 – 21, 2016 – 7, өткен жылы – 11.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив