KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 8 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Әдеп комиссиясы бүгін Қуат Тұмабаевқа қатысты жиын өткізді

31.05.2018, 11:24 157

Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінде ШҚО бойынша департаментінің Əдеп кеңесінде Риддер қаласы əкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевты қызметінен босату, Өскемен қаласы əкімі Қуат Тұмабаевқа қызметіне толық сай емес деген ескерту беру туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталған іске қатысы бар екі шенеунік те «Әдеп комиссиясына қатыса алмаймыз, кеңес біздің қатысуымызсыз өтсін» деген сыңайдағы өтініш түсірген. Мұндай өтініш түсіруге шенеуніктердің толық  құқықтары бар көрінеді. Қала әкімі Қуат Тұмабаев мұның себебін бүгін Астана қаласына іссапарға кетуімен түсіндірген.


Әдеп кеңсесінің 5,7 пунктіне сәйкес, Өскемен қаласының әкімі моральдық этикалық тұрғыдан  қызметіне толық сай емес деп танылды. Осыған сәйкес Қуат Тұмабаевқа  ескерту берілді.


Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні күні кешкі сағат 9 шамасында Риддер қаласында 1999 жылғы азаматты көлік қағып, ол жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал шетелдік автокөлік жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Кейін оның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болғаны анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив